ЖАРНАМА ДИСКУРСЫНДАҒЫ ВЕРБАЛДЫ ЖӘНЕ БЕЙВЕРБАЛДЫ КОММУНИКАЦИЯ

Makaleler > Tam Makale · 2023

Yazarlar: Гүрер Гүлсевин, Р. О. Жуманбаева

Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, Uluslararası, 2023, ss 117-125

DOI: 10.48081/nyji7910

Özet

Ғылыми мақала жарнама дискурсындағы вербалды және бейвербалды коммуникацияның ерекшелігін зерттеуге арналған. Жарнама дискурсындағы коммуникативті хабарлама мақсатты аудиторияға вербалды және бейвербалды кодтардың өзара әрекеттесуі аясында жеткізіледі. Жарнамалық дискурс – бұл жарнамалық өнімді тарату арқылы жүзеге асырылатын жарнама берушілер мен адресаттар арасындағы қарым-қатынас. Вербалды және бейвербалды амалдар арқылы кодталған ақпаратты зерттеу, коммуникативтік қызметін анықтау тіл білімі үшін өзекті болып табылады. Мақала авторлары жарнама дискурсындағы мағына мен ақпараттың вербалды және бейвербалды кодтар арқылы берілу ерекшелігін анықтау мақсатын қойған. Зерттеу тақырыбына қатысты шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектеріне шолу жасалып, ондағы ғылыми тұжырымдар сарапталады. Жарнама дискурсында вербалды және бейвербалды кодтарды қолданудың ерекшеліктері анықталады. Жарнама дискурсы адами құндылықтар жүйесі туралы маңызды ақпарат беретіні, вербалды және бейвербалды қарым-қатынас мағына мен ақпаратты кодтау жүйесі екендігі, жарнама дискурсында ұсынылып отырған өнім не қызмет адресаттың логикасына әсер ететіндей мықты дәлелмен берілу керектігі, мақсатты аудиторияға сенімділік тудыру қажеттігі дәлелденеді. Жарнама дискурсындағы вербалды және бейвербалды коммуникация логотиптер, үрлемелі және сыртқы жарнамалар мысалында қарастырылады.

Detay görüntüle