ЯСАУИ ЖӘНЕ АБАЙ – АЛАШ ЖҰРТЫНЫҢ РУХАНИ ТҰҒЫРЫ

Makaleler > Tam Makale · 2024

Yazarlar: Ә. Өскен, Д. Қамзабекұлы, М. Екіджі

Keruen, Uluslararası, 2024, cilt 85, ss 30-46

DOI: 10.53871/2078-8134.2024.4-02

Özet

Күллі түркі жұртының ұстазына айналған Қожа Ахмет Ясауидің сопылық ілімі Орталық Азия, Еділ бойы, Анадолы, жалпы Шығыс елдеріне тарап, барша халықты ізгілікке тәрбиелей білді. Алланы сүю, ізгілік, мейірімділік, махаббат, жақсылық, кемелдікке ұмтылу, екі дүниені ғылым-білім арқылы тануға үйрететін сопылық ілім ХІІ ғасырда жанданып, күллі өркениетті өзіне қарата алды. ХІХ ғасырдан бастап орыс мәдениеті арқылы Батыстық мәдениеттің ықпалы күшейген қазақ жерінде «Шығыста жарқырай туған шолпан жұлдыз» болып – Абай Құнанбайұлы дүниеге келді. Абай да, Ясауи да өз дәуірінің озық ойлы ірі рухани реформаторы болатын. Абай өлеңдері мен Ясауи хикметтері бір- бірімен үндес, мағыналас келіп отырады. Екі ойшыл өз шығармаларында ғылым, ізгілік, мейірімділік, еңбекқорлық пен Алланы ғылым арқылы сүюді насихаттайды. Ясауи ілімінен бастау алған бұл рухани ізденіс Абай шығармалары арқылы ХХ ғасыр басында ұлт рухын биіктеткен Алаш кезеңіне оң әсерін тигізді. Батыс пен Шығыстың ойшылдары мұрасымен етене таныс ХХ ғасырдағы ұлт зиялылары, Абай шәкірттері шығармашылығында Ахмет Ясауи қолтаңбасы көрініс табады. Бұл мақалада мәдени мұрамыз, рухани түғырымыз – Ясауи, Абай және Алаш зиялы өкілдері шығармаларының әдеби және идеялық байланысы зерттелінеді.

Detay görüntüle